Теміртауда жантүршігерлік апат: үш көлік соғысып, ер адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда ер адам көлік рулін басқара алмай, үш көлікті апатқа ұшыратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысының ІІД сілтеме жасап.

«4 мамыр күні Теміртаудағы Республика даңғылында 39 жастағы ер адам алдын ала болжам бойынша, «Huindai Accent» көлігін тізгіндей алмай, шам бағанасына соғылған. Шам бағанасы жолға құлап,  екі көлік апатына соқтырды», - деп хабарлады ІІД.

Жол-көлік апаты салдарынан «ВАЗ 2114» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - дейді ІІД баспасөз қызметі.