Теміртауда жазасын өтеуші әйелге 9 жасар қызын тауып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АК-159/9 мекемесінің (әйелдер колониясы, Қарағанды облысы Коксун кенті) қызметкерлері жазасын өтеушіге үш жыл көрмеген тоғыз жастағы қызын тауып беруге жәрдемдесті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Түрмеге қамалған адам көбінесе отбасымен байланысын жоғалтып алады. Кей туыстары мен жақындары, өкінішке орай, олардан бас тартады. Біздің міндетіміз - отбасылық байланысты қалпына келтіру», - деп атап өтті АК-159/9 мекемесінің тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы Надежда Салфетникова.

 «Есірткі үшін 10 жылға сотталған Кристина мекеме әкімшілігіне кәмелеттік жасқа толмаған қызын ізеу өтінішімен жүгінді. Мекеме жасақ бастығы Светлана Башкенова оны проблемасын өзі қолына алып, қызын іздеп, оны «SOS Теміртау қ. Балалар ауылынан тапты. Бірнеше күннен кейін Светлана балалар үйі дирекциясымен бірлесіп, сотталушының өз қызымен көптен күткен кездесуін ұйымдастырды. Бүгінде бақытты ана телефон арқылы қызына хабарласып тұрады», - деп қосты ол.