ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, соңғы уақытта теміржолдарда адамдардың жарақат алу жағдайлары жиілеп кеткен. Департамент бастығы олардың арасында кәмелетке толмаған балалардың көптігіне алаңдаушылық білдірді.
«Биыл 4 айда ғана жарақаттанудың 26 фактісі тіркелді. Оның жартысынан көбі өліммен аяқталды. Оның біреуі – бала. Мәселен, 10 мамырда Ерейментау станциясында пойыз белгіленбеген жерден өтіп жара жатқан баланы қағып кетті. Тергеу тәжірибесі балалардың жарақаттану жағдайларының көбінде ересектер кінәлі екенін көрсетеді. Теміржол маңында тұратын ата-аналар балаларын қараусыз қалдырады», - деді О.Бекиев департамент кеңсесінде өткен кеңесте.
Кеңесті қорытындылаған көлік полициясының басшысы қауіпті жағдайлардың алдын алу іс-шараларын жетілдіруді тапсырды.