«2024 жылғы 18 тамызда Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды. Оның ішінде 31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілді», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бүгінде ошақ локализацияланған, жаңа өтініштер тіркелген жоқ. Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.