АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік «тендерді ұтуға көмектесемін» деген уәдеге сеніп, 14 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 42 жастағы кәсіпкер әйел арыз түсірді.
Ол бейтаныс әйелдің сөзіне сеніп, 14 миллион теңгесінен айырылды.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында Ақтөбенің 38 жастағы тұрғынын анықтады.
Күдікті жасаған әрекетін мойындады. ҚР ҚК 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Бүгінгі таңда күдіктінің құрығына түскен үш жәбірленуші анықталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің хатшысы Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.