Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қауіпті
індетке шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 24 науқас бар. Теңіз кенішінде 56
жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 2, Қызылқоғада – 1, Индерде – 1, Құрманғазы
ауданында 10 адамнан Сovid-19 анықталған. Коронавирустың симптомды түрі 27 науқаста
байқалған.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 68 адам емделіп шықты. Қазір үй
жағдайында ем алып жатқан науқастар 333 адамға жетті. Сондай-ақ, облыстық
инфекциялық стационарда 87, аудандардағы стационарларда 37, ал, Теңіз кенішіндегі
стационарда 626 адам ем қабылдап жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз
қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде 88 жұмысшы коронавирусқа шалдыққанын
хабарлап едік.