Серіктестік қызметкерлері соңғы айда Теңіз кенішінде вахталық ауысымда жұмыс істеген, олар COVID-19 инфекциясы анықталған Ватернас вахталық кентінде тұрмаған. Дегенмен, қауіпсіздік мақсатында әуе рейсіне коронавирус инфекциясына тексеру экспресс-тестінің нәтижесі теріс болғандар ғана отырғызылды.
Олар Қапшағай қаласына жеткізілгеннен кейін екі күн карантинге алынады. Облыс басшылығының тапсырмасымен аталған демалыс орнында барлық санитарлық-дезинфекциялық шаралар сақталып, карантин кезінде жолаушылардың өмір сүруіне қажетті барлық жағдайлар толық қарастырылған. Екі күннен кейін аталған жолаушылар тұрғылықты жерлеріне арнайы автобустармен жеткізілетін болады.