АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңізшілерді даярлаудың қазақстандық жүйесін «ақ тізімге» енгізу туралы Халықаралық теңіз ұйымына (IМО) тапсырыс жолданды.
ҚР ИДМ мәліметіне қарағанда, ұйым 2016 жылы елімізде аудит жүргізуді жоспарлап отыр. Аудит жүргізу кезінде саланы реттейтін барлық мемлекеттік жүйелер тексерілетін болады. Оның негізгі міндеті ұлттық заңнамаларды IMO талаптарына сәйкестендіру, теңізде жүзу қауіпсіздігі және теңіз ортасын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты жетілдіру.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.