НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Александр Бублик Монпельедегі жеңісінің арқасында әлемдік рейтингіде 35-тен 31-орынға көтерілді.
Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып табылады. Осыған дейінгі оның үздік нәтижесі 34-саты болатын.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин 166-дан 165-ке, Тимофей Скатов 236-дан 234-ке, Александр Недовесов 552-лен 551-ге жоғарылады. Дмитрий Попко 180-нен 181-ге, Денис Евсеев 351-ден 353-ке сырғыды.
Еске сала кетейік, Александр Бубликтің Монпелье турнирінде әлемнің үшінші ракеткасын жеңіп, жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).