Теннистен Монпелье турнирі: Бублик әлемнің үшінші ракеткасын ұтып, жеңімпаз атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннистен Монпелье турнирі: Бублик әлемнің үшінші ракеткасын ұтып, жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 3-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бұдан бұрын қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, онда А.Бублик жеңген болатын.

Осы жолы да қазақсандық спортшы ойын тізгінін уысынан шығармай, 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында А.Бублик 8 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша А.Бублик өзінің спорттық жолында алғаш рет ATP додасында жеңімпаз атанып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Монпелье турнирінің финалына шыққанын, қазақ теннисшісінің Мысырдағы турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.