Теннис: Александр Бублик Монпелье турнирінің финалына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 36-ракеткасы, сербиялық Филип Крайиновичпен күш сынасты.
А.Бублик 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 13 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Сербиялық спортшы 1 эйс қана жасай алды.
А.Бублик финалда әлемнің 3-інші, осы доданың 1-ракеткасы, германиялық Александр Зверев немесе рейтингте 83-сатыдағы швециялық Микаэль Имердің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Монпелье турнирінде Бубликтің 26 эйс жасап, жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.