Теннис: Александр Бублик Доха турнирінің ширек финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Доха ATP 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын доданың екінші айналымында әлемнің 61-ракеткасы, франциялық Артур Риндеркнехпен кездесті.

Бірінші партияда А.Бублик тай-брейкте басымдылық көрсетті - 7:6 (7:5).

Екінші сетте франциялық теннисші әбжілдік танытты - 6:1. Ол үшінші партияда таразы басын өзіне аудара білді - 6:4.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 15 жас жасағанымен, бұл жеңіс үшін жеткіліксіз болды.

Франциялық спортшы жартылай финалға шығу үшін әлемнің 12-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, канадалық Денис Шаповаловпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Доха турнирінің екінші айналымына шыққанын , Михаил Кукушкиннің Марсельде тартысты матчта жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев жұптық сында Доха турнирінің ширек финалына шықты.