Теннис: Анна Данилина Чарльстон турнирін жеңіспен бастады
Әлемнің жұптық сындағы 21-ракеткасы А.Данилина Беларусь өкілі Александра Сасновичпен бірге алғашқы айналымда словакиялық Тереза Михаликова – чехиялық Квета Пешкемен ойнады.
Қазақстандық-белоруссиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Анна мен Александра 1 сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын өз есептеріне жазды. Қарсыластары 2 брейктен аса алған жоқ.
А.Данилина мен А.Саснович жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Каролин Долхайд – қытайлық Чжан Шуаймен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Аустралияға жол бергенін, Александр Недовесовтің Мароккодағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Андрей Голубев Мароккодағы турнирдің жартылай финалында.
Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты.