ATP баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның екеуі Кёльн (Германия), бір-бірден Сардиния (Италия) мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтеді. Астанадағы жарыс 26 қазанға белгіленіп отыр.
Кёльн мен елордадағы жарыстар хард, ал Италиядағы дода топырақ төсенішінде болады.
Сонымен, 2020 жылғы жаңартылған турнирлер күнтізбесі мынадай:
14 қыркүйек – Рим.
21 қыркүйек – Гамбург.
27 қыркүйек – «Ролан Гаррос».
12 қазан – Санкт-Петербург, Сардиния, Кёльн.
19 қазан – Кремль кубогы, Антверпен, Кёльн.
26 қазан – Вена, Нұр-Сұлтан.
2 қараша – Париж.
8 қараша – София.
15 қараша – Лондонда ATP-ның қорытынды чемпионаты.
Сонымен қатар әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) күнтізбеге жаңадан Острава (Чехия) турнирін қосты. Хард төсенішінде өтетін бұл жарыс 19 қазанда басталады. Жүлде қоры – 528 500 АҚШ доллары.
Жаңа жарыстардың қосылуы теннис көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, биыл коронавирус індетіне байланысты амалсыздан үзіліс алған теннисшілердің рейтингілік ұпай жинап, көбірек табыс табуына мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Аустриядағы турнирдің екінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.