НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеті теннисші 2021 жылғы Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті
Естеріңізге сала кетелік, Аустралияның ашық чемпионаты Мельбурн қаласында өтеді . Аталған доданың іріктеу кезеңі алдағы жылдың Катар астанасы - Доха қаласында жігіттер, Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында қыздар арасында өтеді деп жоспарланған.
Халықаралық турнирдің негізгі кезеңінде жігіттер арасында жекелей сында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин ел намысын қорғайды. Ал жұптық сайыста Александр Бублик Андрей Голубевпен бірге ойын көрсетеді. Қазақстандық Дмитрий Попко жарысты іріктеу кезеңінен бастайды.
Ал қыздарда Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Ярослава Шведова сынды қазақстандық теннисшілер жарысқа қатысады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.