Теннистен Australian Open турнирінің қашан өтетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Теннистен ерлер арасындағы Аустралия ашық чемпионаты (Australian Open) 2021 жылдың 8 және 21 ақпан аралығында өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннистен Australian Open турнирінің қашан өтетіні белгілі болды

Бұл жөнінде кәсіпқой теннисшілер ассоциациясы мәлім етті.

Халықаралық турнир Австралияның Мельбурн қаласында болады. Аталған доданың іріктеу кезеңі алдағы жылдың 10-13 қаңтарына Катар астанасы - Доха қаласында өтеді деп жоспарланған.

Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алған спортшылар 15 және 31 қаңтар аралығында Австралияға аттанады. Онда 14 күндік карантинде болады.

ATP алдағы жылы өтетін өзге де турнирлердің тізімін жариялады. Алғашқысы 5-13 қаңтар аралығында АҚШ-тың Флорида штатындағы Делрей-Бич, Түркияның Анталия қалаларында өткізіледі.

Ал 1-5 ақпан аралығында Австралияның Мельбурн қаласында ATP Cup турнирі жалауын желбіретсе, одан кейін Australian Open турнирі жалғасын табады.