НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 83-орында тұрған А.Бублик алғашқы айналымдаәлемнің 150-ракеткасы, аустралиялық Алекс Болтпен шеберлік байқасты.
Осы турнирдің 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші 6:4,2:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.
Тартысты матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Көгал төсенішінде өтіп жатқан доданың екінші айналымында А.Бубликрейтингте 167-орындағы сербиялық Виктор Троицки немесе әлемнің 127-ракеткасы,тайбэйлік Джейсон Джангтің біреуімен кездеседі.
Ньюпорт турнирі 21 шілдеде мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бухарест турнирінжеңіспен бастағанын, Денис Евсеевтің Нұр-Сұлтан жарысының екінші айналымынашыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).