НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 1-інші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен шеберлік байқасты.
Бұл ойында аустралиялық теннисші 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Е.Рыбакина финалда есе жібергенімен, бұл додада өте табысты өнер көрсетті. Аустралия ашық чемпионаты алдындағы бәсекеде оның финалға жетуін үлкен жетістік деп бағалауға болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аделаида турнирінің ақтық сатысына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).