Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық спортшы өзінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізіп, үздік ондыққа жақындады.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 43-сатыда болса, Зарина Дияс 102-ден 108-ге сырғыды.
Жұптық сында Е.Рыбакина 50-ден 52-ге төмендесе, Анна Данилина 75-орында қалды. Жібек Құламбаева бірден 56 саты жоғарылап, 319-орынға жайғасты.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-орында болса, Дмитрий Попко 180-нен 177-ге, Михаил Кукушкин 182-ден 180-ге көтерілді.
Жұптық сында Андрей Голубев 27-інші, Мельбурн турнирінің финалына шыққан Александр Недовесов 69-орынға орнықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аделаида турнирінде әлемнің бірінші ракеткасынан жеңіліп қалғанын, қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина тағы бір ірі дода – Сидней турнирінде өнер көрсетеді. Ол алғашқы айналымда өткен жылы іріктеу сайыстарынан өтіп, АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанған ұлыбританиялық Эмма Радуканумен шеберлік байқасады.