НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілікрейтингте 106-орында тұрған, 20 жасар Е.Рыбакина жартылайфиналда әлемнің 211-ракеткасы, италиялық Мартина ДиДжузеппемен кездесті.
Біріншіпартияда қазақстандық теннисші брейк жасап, алға шықты – 3:1. Бұдан кейінқарсыластар брейкпен алмасты – 4:2. Ақыры бұл сетті Рыбакина сәтті аяқтай білді– 6:3.
Екіншісетті қазақстандық теннисші бірден брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк –3:0. Сосын ол есепті 5:1-ге жеткізді. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді –6:2.
Бәсеке бір сағаттансәл астам уақытқа созылды.
Е.Рыбакина жүлдеқоры 226 750 АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында румыниялықПатриция Мария Тигпен бас жүлдені сарапқа салады.
Ескесала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Бухарест жарысының, А.Бубликтің Ньюпорттурнирінің жартылай финалына шыққанын, ал Андрей Голубев пен АлександрНедовесовтің жұптық сында Нұр-Сұлтан додасының жеңімпазы атанғанын жазғанболатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).