Теннис: Елена Рыбакина Бухарест турнирінің жеңімпазы атанды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілікрейтингте 106-орында тұрған Е.Рыбакина финалдарумыниялық Патриция Мария Тигпен кездесті.

Бұл қазақстандықтеннисшінің өз спорттық жолындағы WTA жарысындағыалғашқы финалы еді.

Қарсыласы,24 жасар румыниялық спортшы жарақаты мен сәбилі болуына байланысты 18 айүзілістен кейін кортқа шыққан болатын. Ол іріктеу сайыстарын сәтті өткізіп,негізгі додаға қосылған-ды.

Біріншіпартияда есеп 1:1 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасап, өз геймін алды – 3:1.Бұдан кейін де ол тағы бір брейкке қол жеткізіп, қарқынын бәсеңдеткен жоқ –6:2.

Екіншісетте қазақстандық теннисші 4:0 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:0.Ақыры Рыбакина қарсыласына бірде-бір гейм бермеді – 6:0.

Финалдықбәсеке 1 сағат 5 минутқа созылды.

Осылайша 20 жасарЕ.Рыбакина жүлде қоры 226 750 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жеңімпазыатанды. Бұл оның WTA турниріндегі алғашқы жеңісі еді.

Ескесала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Бухарест жарысының, Александр БубликтіңНьюпорт турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

А.Бубликфиналда әлемнің 15-ракеткасы, тәжірибелі америкалық Джон Изнермен бас жүлденісарапқа салады.

ЖуырдаУимблдон турнирінде дәл осы Д.Изнерді Қазақстанның бірінші ракеткасы МихаилКукушкин ұтқан болатын.




Соңғы жаңалықтар