Теннис: Голубев пен Недовесов Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықжұп ширек финалда ресейлік Теймураз Габашвили мен Беларусь елінің өкілі ЕгорГерасимовпен кездесті.

Біріншіпартияда Голубев пен Недовесов 2:0 есебімен алға шыққаннан кейін қарсыластарыбәсекені жалғастырудан бас тартты.

Қазақстандықтарфиналға шығу үшін колумбиялық Николас Баррьентос пен аргентиналық ФакундаМенамен таласады.

А.Недовесовжекелей сында дәл осы Ф.Менаны ұтқан болатын. Алайда қазақстандық теннисші сол жеңістіжолын жалғастыра алмай, бүгін италиялық Маттео Виоладанжеңіліп қалды.

Солсияқты әйелдер арасында жекелей сында Гөзал Айнитдинова германиялық ВивианХайзенге, тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева чехиялық Мария Боузковаға жолберді.

Осылайша,өкінішке қарай, жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалмады.

Еске сала кетейік,бұдан бұрын Гөзал Айнитдинова мен Жібек Құламбаеваның Нұр-Сұлтан жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

АҚШ-тағыНьюпорт турнирінің ширек финалына шыққан Александр Бублик америкалық ТеннисСандгренмен шеберлік байқасады.

Тағыбір қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест додасында румыниялық Жаклин АдинаКристианмен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.




Соңғы жаңалықтар