НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандықжұп жартылай финалда колумбиялық Николас Баррьентос пен аргентиналық ФакундаМенамен күш сынасты.
Біріншіпартияда Голубев пен Недовесов 7:5 есебімен басым түсті.
Екіншісетте де қазақстандықтар есесін жібермеді – 6:3.
Бәсеке1 сағат 20 минутқа созылды.
Қазақстандықтарфиналда украиналық Илья Марченко мен португалиялық Гонсалу Оливейра немесеоңтүстіккореялықтар Чунг Юн-Сон мен Нам Джи Сонның қай жеңгенімен бас жүлденісарапқа салады.
Еске сала кетейік,бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ-тағы Ньюпорт турнирінің ширек, А.Голубевпен А.Недовесовтің Нұр-Сұлтан жарысының жартылай финалына шыққанын жазғанболатынбыз.
Тағыбір қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест додасында ширек финалға өтті.
Фото: prosports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).