Теннис: қазақстандық теннисші Дохадағы турнирдің финалына дейін жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Бейбіт Жукаев жұптық сында Дохадағы ITF турнирінің финалына дейін жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Б.Жукаев тайбэйлік Рэй Хомен бірге табысты өнер көрсетті.

Қазақстандық-тайбэйлік жұп финалда ғана франциялықтар Тео Аррибаж бен Лука Саннеске тартысты бәсекеде 5:7, 4:6 есебімен есе жіберді.

Б.Жукаев жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Онда жарыстың бірінші ракеткасы, швециялық Драгос Мадарасқа жол берді - 1:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Қүламбаеваның жылды чемпиондық атақпен бастағанын, Елена Рыбакинаның Аделаида турниріндегі қаосыласы анықталғанын жазған болатынбыз.