Теннис: Жібек Құламбаева жаңа жылды чемпиондық атақпен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Мумбаи қаласында ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Жібек Құламбаева жаңа жылды чемпиондық атақпен бастады

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Ж.Құламбаева латвиялық Диана Марцинкевичпен финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, тағы бір қазақстандық Анна Данилина – украиналық Валерия Страховамен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Жібек пен Диана 6:3 есебімен басым түсті.

Екіншісінде Анна мен Валерия есе қайырды – 6:4.

Супер тайбрейкте Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич жеңісті жұлып алды – 10:6.

Осылайша Жібек жұптық сында ITF турнирлеріндегі 14-інші, биылғы алғашқы титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.