Теннис: Кукушкин әлемдік рейтингте 45-орынға көтерілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин бүгін жаңартылған әлемдік рейтингте 45-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін 58-сатыда болған М.Кукушкин кеше аяқталған Уимблдон турниріндетабысты өнер көрсетіп, төртінші айналымына дейін жеткен еді.

Осы жарыстыңжеңімпазы атанған сербиялық Новак Джокович рейтингтегі көшбасшылық орнын әзіргеешкімге берер емес. Испаниялық Рафаэль Надаль екінші,Уимблдон турнирінің финалисі, швейцариялық Роджер Федерер үшінші орында.

Тағы бірқазақстандық Александр Бублик 83-тен 82-ге сырғыды.Ал Александр Недовесов 200-ден 196-сатыға көтерілді.

А.Бубликтің де,А.Недовесовтің де рейтингтегі өз көрсеткішін жақсартуларына мүмкіндіктері бар.А.Бублик АҚШ-тағы Ньюпорт ATP турниріне қатысады. Оның қарсыласы іріктеусайысынан өткен теннисшінің бірі болмақ.

Сол секілдіА.Недовесов бүгін Нұр-Сұлтан қаласында басталған Президент кубогы үшінчелленджер турнирінің 5-ракеткасы болып тіркелген. Жарысты екінші айналымнанбастайтын ол тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин немесе аргентиналық ФакундоМенаның біреуімен кездеседі.

Нұр-Сұлтан додасықазақстандықтар үшін сәтсіз басталды. Бүгін Достанбек Ташбулатов жапониялықСюити Секигутиге 3:6, 1:6 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік,бұдан бұрын М.Кукушкиннің Уимблдон турнирінің ширек финалына шыға алмағанынжазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар