НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Лос Кабос (Мексика) ATP турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы М.Кукушкин алғашқы айналымдарейтингте 92-орында тұрған босниялық Дамир Джумхурмен күш сынасты.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші жақсы ойын өрнегін көрсете білді –7:5.
Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте М.Кукушкин брейк жасап, сосын өзгеймін алды – 4:1. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылды.
М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, ұлыбританиялық КэмеронНорри немесе рейтингте 111-сатыдағы франциялық Грегуар Баррердің біреуіменшеберлік байқасады.
Жүлде қоры 850 мың АҚШ долларынан асатын Лос Кабос турнирі 5 тамызда мәрегежетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Вашингтон турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).