Теннис: Бублик Вашингтон турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик Вашингтон ATP турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 72-ракеткасы А.Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған америкалық Брэдли Кланмен кездесті.

Бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкке ұласты. Онда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 7:6 (7:5).

Екінші сетте америкалық теннисші брейк жасап, алға шықты. Дегенмен А.Бублик оны әрі ұзатпай, матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 29 минутқа созылды.

А.Бублик жүлде қоры 2 млн АҚШ долларынан асатын жарыстың екінші айналымында тағы бір америкалық, осы турнирдің 16-ыншы, әлемнің 40-ракеткасы Фрэнсис Тиафомен күш сынасады.

Әйелдер арасындағы Вашингтон турнирінің бірінші айналымында әлемнің 84-ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс биылғы Уимблдон жарысында тамаша өнерімен талайды таңғалдырған 15 жасар америкалық Кори Гауффпен шеберлік байқасады. Қазіргі кезде рейтингте 146-орында тұрған К.Гауфф бұл жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылды.

Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Михаил Кукушкин Лос Кабос (Мексика) додасында рейтингте 92-сатыдағы босниялық Дамир Джумхурмен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бублик пен З.Диястың Вашингтон турниріне қатысатынын, ал Галина Воскобоеваның жұптық сында Юрмала жарысының финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар