Теннис: Надаль мен Федерер алғаш рет жұптасып ойнады
09:44, 24 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Прагада өткен көрмелік турнирде испандық Рафаэль Надаль мен швейцариялық Роджер Федерер алғаш рет жұптасып ойнады.
Олардың қарсыластары америкалық Джек Сок пен Сэм Куэрри болды.
Кездесу 6:4, 1:6, 10:5 есебімен аяқталды.
Еске сала кетсек, Надаль қазіргі уақытта Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингінде бірінші орында тұр, ал Федерер - екінші.
Теннисшілер бір-біріне қарсы 37 матч өткізген. 23 рет испандық басым түсті. Ал швейцариялық болса, Үлкен дулыға турнирі титулдарын жеңіп алудан рекордшы (19). Надаль мұндағы көрсеткіш бойынша екінші орында (16).
Фото: © REUTERS/David W Cerny