НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов Нұр-Сұлтанда Президент кубогы үшін өтіп жатқан челленджер турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнирдің бесінші,әлемнің 196-ракеткасы А.Недовесов рейтингте365-орындағы аргентиналық Факунда Менамен кездесті.
Қазақстандықтеннисші көп қиналмай, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
А.Недовесов ширекфиналға шығу үшін жарыстың 10-ыншы, әлемнің 251-ракеткасы, италиялық МаттеоВиоламен таласады.
Тағы бірқазақстандық Денис Евсеев екінші айналымда әлемнің233-ракеткасы, аустриялық Лукас Мидлерден 1:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша ерлерарасында жекелей сында Қазақстаннан А.Недовесовтан басқа ешкім қалған жоқ.
Жұптық сындаА.Недовесов пен Андрей Голубев тағы бір қазақстандық Тимур Хабибулин менукраиналық Владислав Манафовты 7:6 (7:3), 7:6 (7:5)есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық жұп ширек финалда ресейлік ТеймуразГабашвили мен Беларусь елінің өкілі Егор Герасимовпен күш сынасады.
Еске сала кетейік,бұдан бұрын Денис Евсеевтің Нұр-Сұлтан жарысының екінші айналымына шыққанын,сондай-ақ Александр Бубликтің Ньюпорт додасын сәтті бастағанын жазғанболатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).