Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ыншы, осы жарыстың 4-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда әлемдік рейтингте 66-орындағы чехиялық Барбора Крейчиковамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияны қазақстандық теннисші брейктің нәтижесінде өз есебіне жазды – 6:4.
Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Б.Крейчикова брейк жасап кетті – 2:1. Ол өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:2.
Шешуші тай-брейкте Б.Крейчикова ептілік көрсетті – 10:6.
Чехиялық спортшы жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Дженнифер Брэйди немесе рейтингте 78-орында тұрған, украиналық 18 жастағы Марта Костюктың біреуімен таласады.
Дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған Юлия Путинцева осы доданың екінші айналымында Аустралия ашық чемпионатының екі мәрте жеңімпазы, әлемнің 13-інші, осы доданың 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездесті.
Матчты өте сәтті бастаған қазақстандық теннисші 4:0 есебімен алға шықты. Алайда бұдан кейін В.Азаренко қатарынан алты геймді алды – 6:4.
Екінші сетте де Ю.Путинцева алға кетті – 2:0. Ақыры айқын басымдылық таныта алды – 6:1.
Тай-брейкте В.Азаренко жеңісті жұлып алды – 11:9.
Беларусь теннисшісі ширек финалда әлемнің 23-ракеткасы, эстониялық Анетт Контавейт немесе рейтингте 339-сатыдағы америкалық Бетани Маттек-Сэндстің біреуімен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатының кейінге қалдырылмайтынын, Александр Недовесовтің Анталия турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ал Александр Бублик Мельбурн турнирінің ширек финалына шыға алмады.