Теннис: Рыбакина Юрмала турнирінің ширек финалына шыға алмады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Юрмала (Латвия) WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің65-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте74-сатыдағы америкалық Бернарда Перамен күш сынасты.

Матчты сәттібастаған қазақстандық теннисші бірінші партияны өз есебіне жазды – 6:4.

Әйтсе де соданкейін қарсыласына 0:6, 2:6 есебімен есе жіберді.

Бәсеке 1 сағат 37минутқа созылды.

Осылайша Е.Рыбакинажүлде қоры 250 мың еуро болатын Юрмала турнирінің ширек финалына шыға алмайқалды.

Есесіне ерлерарасында қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сындаПрага челленджер турнирін сәтті өткізуде.

Қазақстандық жұпәуелі литвалық Лауринас Григелис пен Нидерланды өкілі Марк Вервортты 6:2, 7:6(7:2) есебімен тізе бүктірді. Содан кейін аустралиялық Скотт Пудзиунас пен тағыбір нидерландылық Йелле Селсті 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңді.

Жуырда жұптық сындаНұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанған Голубев пен Недовесов Прага жарысыныңфиналына шығу үшін германиялық Андре Бегеманн мен румыниялық Флорин Мерджаменталасады.

Ескесала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Юрмала турнирін жеңіспен бастап, Александр Бубликтің Атлантада алғашқы айналымнан аса алмағанын жазғанболатынбыз.



Соңғы жаңалықтар