Теннис: Шевченко Чехиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Фото: instagram.com/shevchenkoo_17/

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 103-ракеткасы Александр Шевченко Простеёв (Чехия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 198-орында тұрған испаниялық Алехандро Моро Каньястың меселін қайырды.

А.Шевченко айқын басымдылық танытып, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде Шевченко 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Испаниялық спортшы 3 эйспен шектелді.

Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 225-ракеткасы, украиналық Виталий Сачкомен шеберлік таластырады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шевченконың Чехиядағы жарыста жергілікті теннисшіден басым түскенін жазған болатынбыз.