НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Италиядағы Розето-дельи-Абруци 2 челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 221-орында тұрған 21 жастағы Т.Скатов екінші айналымда әлемнің 202-ракеткасы, португалиялық Гаштау Элиашпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші 6:2, 0:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Екі сағат жарым уақытқа созылған матчта Т.Скатов 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы да 1 эйс, 5 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 219-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен таласады.
Қазақстандық спортшы өткен аптада да дәл осындай жарыстың ширек финалына дейін жеткен болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шыққанын, Германиямен матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).