НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Ярослава Шведова Мельбурндағы YarraValley Classic турниріндегі қарсыласы өзгерді,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Я.Шведова алғашқы кездесуін бельгиялық Кирстен Флипкенспен өткізуі тиіс болатын.
Әйтсе де К.Флипкенс жарысқа қатысудан бас тартты. Ол мұны қаңтар айының басында Әбу-Дабиде тобығынан алған жарақатынан қалыпқа келмегендігімен түсіндірді.
Я.Шведова алғашқы айналымда Беларусь өкілі Вера Лапкомен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Мельбурндағы жарыста өнер көрсететінін, Александр Недовесовтің Анталия турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).