НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 500 турнирі іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 38-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда чехиялық спортшы басымдылық көрсетті - 6:2.
Екіншісінде Юлия Путинцева есе қайырды - 6:4. Ол үшінші, шешуші сетті брейкпен бастағанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады - 4:6.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс жасап, 6 брейкке қол жеткізді.
Осылайша Ю.Путинцева негізгі турнирге өте алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның іріктеу сайыстарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).