НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Бейжің WTA турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 78-ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған венгриялық Тимея Бабошпен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті - 6:1.
Екінші сетте де Зарина есесін жіберген жоқ - 6:4.
Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды.
Зарина іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 66-ракеткасы, ресейлік Анна Блинкова немесе рейтингте 108-сатыдағы қытайлық Чжу Линьнің біреуімен кортқа шығады. Онда ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ухань турнирінде жеңіліп қалғанын, ал Александр Бубликтің Чэнду додасының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).