Теннис: Зарина Дияс та Вашингтон турнирін сәтті бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Вашингтон WTA турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 84-ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте146-орында тұрған америкалық 15 жасар теннисші Кори Гауффпен кездесті.

К.Гауфф биыл Уимблдон турниріне іріктеу сайыстарынан кейінқосылып, негізгі жарыста отандасы, атақты Винус Уильямс сынды мықтыларды ұтып,айды аспанға шығарған еді.

К.Гауфф Вашингтон турниріне де іріктеуден кейін жолдамаалды.

Дегенмен бұл жолы оған қарағанда, әлдеқайда тәжірибелірекЗарина Дияс ойын тізгінін қолына нық ұстады. Ол 1 сағат 19 минутқа созылғанматчта 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Зарина жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланғандоданың екінші айналымына шықты.

З.Дияс ширекфиналға шығу үшін осы турнирдің бесінші, әлемнің 35-ракеткасы, украиналық ЛесяЦуренкомен таласады.

Еске салакетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Вашингтон турнирін жеңіспенбастағанын, Михаил Кукушкиннің Лос Кабос жарысының екіншіайналымына шыққанын жазған болатынбыз.

А.БубликВашингтон турнирінің екінші айналымында әлемнің 40-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафодан 1:6, 6:7 (5:7) есебіменжеңіліп қалды.