Теннис: Кукушкин Лос Кабос турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Лос Кабос (Мексика) ATP турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы М.Кукушкин алғашқы айналымда рейтингте 92-орында тұрған босниялық Дамир Джумхурмен күш сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші жақсы ойын өрнегін көрсете білді – 7:5.

Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте М.Кукушкин брейк жасап, сосын өз геймін алды – 4:1. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылды.

М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэмерон Норри немесе рейтингте 111-сатыдағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 850 мың АҚШ долларынан асатын Лос Кабос турнирі 5 тамызда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Вашингтон турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар