НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Уимблдон турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған З.Дияс алғашқы айналымда әлемнің 56-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен ойнады.
Латвиялық теннисші 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды.
Матч барысында А.Севастова 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қазақстандық спортшы 5 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жаза алды.
Осылайша 2014 және 2015 жылдары Уимблдонда төртінші айналымға дейін жеткен Зарина үшін биыл жарыс ерте аяқталды. Дегенмен ол жұптық сында өнер көрсетеді.
А.Севастова екінші айналымда әлемнің 70-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен күш сынасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Уимблдон жастар турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайтынын, Юлия Путинцеваның жарыстың екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).