НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Вашингтон турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 84-орында тұрған Зарина ширек финалда әлемнің 62-ракеткасы, италиялық Камила Джорджимен кездесті.
Италиялық теннисші 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды.
Бұған дейін қарсыластар екі мәрте жолдары тоқайласып, бір-бірден ұтқан болатын. Енді өзара кездесулерде К.Джорджи 2:1 есебімен алға шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Вашингтон жарысының ширек финалына шыққанын, Михаил Кукушкиннің Лос Кабоста жартылай финалға өте алмағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).