Теннисші Аружан Сағындықова Тунистегі турнирде үздік шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова жұптық сында Монастир (Тунис) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды.

Фото: ҚТФ

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Аружан оңтүстіккореялық, 19 жастағы Сео Юн Цоймен бірге барлық үш кездесуін жеңіспен аяқтады.

Қазақстандық-оңтүстіккореялық жұп ширек финалда ресейлік Василиса Таранова — тунистік Нур Сахнунды қапы қалдырды — 6:2, 6:2.

Жартылай финалда доданың 1-ракеткалары, норвегиялық Астрид Ванья Бруне-Ольсен — болгариялық Дарья Великованы тартысты бәсекеде жолдан тайдырды — 6:2, 5:7, 11:9.
Аружан Сағындықова — Сео Юн Цой бүгін финалда турнирдің 2-ракеткалары, франциялық Елейах Енисан — чехиялық Тереза Крейчованы камбэкпен жеңді — 3:6, 6:4, 11:9.
Осылайша, Аружан ITF жарыстарында тағы бір титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Үндістандағы турнирде топ жарғанын жазған едік.