Теннисші Бейбіт Жукаев елордадағы турнирдің финалына дейін жетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық теннис орталығында ITF сериясы бойынша ерлер арасында M25 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда әлемнің 408-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, өзбекстандық Сергей Фомин дүниежүзілік рейтингіде 473-сатыда тұрған қазақстандық Бейбіт Жукаевпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда өзбекстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте Б.Жукаев есе қайырды - 6:2.

Дегенмен үшінші, шешуші партияда өзбекстандық спортшы жеңіп кетті - 6:4.

Осылайша, Ақтау теннис мектебінің түлегі елордадағы жарыстың финалына дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Ньюпорт турнирінің финалына шыққанын, Қазақстанның жас теннисшілері Еуропадағы жарыстарда жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.