Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған аустралиялық Джейсон Кублермен күш сынасты.

Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығын сақтай алды - 6:3.

Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Қазақстандық спортшы финалда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда тағы бір америкалық, әлемнің 22-ракеткасы Джон Изнерді ұтты - 6:2, 4:6, 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Теннисші Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың финалына шықты.

Сондай-ақ елордада теннистен Президент кубогының жеребесі тартылды.



Соңғы жаңалықтар