Елордада теннистен Президент кубогының жеребесі тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Президент кубогы аясында ерлер арасында өтетін ATP Challenger Tour турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, негізгі додада қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Дмитрий Попко алғашқы айналымда жаңазеландиялық Рубин Стэтхеммен ойнайды.

Михаил Кукушкин монаколық Лукас Катаринамен, Тимофей Скатов іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен, Денис Евсеев ресейлік Алибек Качмазовпен кездеседі.

Жарысқа арнайы шақырту алған Григорий Ломакин украиналық Илья Марченко, Бейбіт Жукаев жапониялық Имаи Шинтаромен, Достанбек Ташболатов іріктеу сайысында жеңіп шыққандардың бірімен шеберлік байқасады.

Тағы төрт теннисші іріктеу сайыстарына қатысады. Арсланбек Айтқұлов эстониялық Даниил Глинка, Ислам Орынбасар мен Никита Сидоров грузиялықтар Зура Ткемаладзе, Саба Пуртселадзе, Максим Батютенко Беларусь өкілі Иван Лютаревичке қарсы тұрмақ.

Қазақстандық теннисшілер сондай-ақ жұптық сында да өнер көрсетеді.

Дәстүрлі Президент кубогы матчтары 17 шілде күні басталады.

Әйелдер арасында Президент кубогы аясында ITF Women's World Tennis Tour жарысының жеребесі 17 шілдеде өткізіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Теннисші Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың финалына шықты.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Будапешт турнирінің финалына шыға алмады.



Соңғы жаңалықтар