НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің106-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 210-орындатұрған румыниялық Жаклин Адина Кристианмен шеберлік байқасты.
Қазақстандықтеннисші қарсыласын 6:1, 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты.
Кездесу небәрі 51минутқа созылды.
Е.Рыбакина жүлдеқоры 226 750 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін осытурнирдің екінші, әлемнің 54-ракеткасы, словакиялық Виктория Кузьмоваменталасады.
Еске салакетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Ньюпорт турнирінің ширекфиналына шыққанын, ал Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптықсында Нұр-Сұлтан жарысының жартылайфиналына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).