АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйекте теннистен Билли Джин Кинг кубогының қорытынды кезеңі өтеді.
Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында үшінші рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде ойнайды.
Қазақстандықтар 18 қыркүйек күні ширек финалда АҚШ құрамасымен сынға түседі.
Аталған турнирде Қазақстан намысын мына теннисшілер қорғайды:
Елена Рыбакина,
Юлия Путинцева,
Зарина Дияс,
Анна Данилина,
Жібек Құламбаева.
Құрама капитаны Юрий Щукин.
АҚШ құрамасы:
Джессика Пегула,
Мэдисон Киз,
Эмма Наварро,
Хейли Баптист,
Тейлор Таунсенд,
Команда капитаны Линдси Дэвенпорт.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде 12-орынға көтерілгенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).