Терактіден қаза тапқан М.Сәлімбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматы облысында өткізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда теракт кезінде қаза тапқан Мақсат Сәлімбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең Алматы облысында өтеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда 18 шілдеде орын алған террорға қарсы операцияда қаза болған полиция қызметкері Мақсат Қолғанатұлы Сәлімбаев 20 шілде күні Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында жер қойнына беріледі.

20 шілде күні таңертеңгі сағат 8.00-де Қарақыстақ ауылындаоблыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен митинг өтеді.

«Митингіден кейін жерлеу рәсімі орындалады», делінген хабарламада.