Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан 17 адам сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан 17 адам сотталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екендігін ескертеді. Бұл үшін 5 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі жаза қарастырылған. Ал ол бүгінде 14,5 млн теңгені құрайды. Немесе 5 жылға бейін бас бостандығы шектелуі не айырылуы мүмкін. Жыл басынан бері мұндай фактімен 34 адам ұсталып, 14-і әртүрлі жазаға сотталды. Сотталушылардың біріне сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, ұсталған жасөспірімдердің бірінің ата-анасына баласына дұрыс тәлім-тәрбие бермегені үшін айыппұл салынды. Бұл ретте 14 жасқа толған жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын қаперде ұстау қажет.

«Мұнан бөлек, құқық бұзушылар мұндай хабарландырудан келетін шығындарды өтейді. Қазіргі уақытта осындай жалған шақыртуларға арнаулы қызметтердің баруына 300 мың теңгеге дейін қаражат жұмсалады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын тоқтатуданкелетіен шығын миллиондаған теңге болады», - деді ІІМ өкілі.