Кеше, 3 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдары және полициямен бірге Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazinform .
Ол жұмыс орнында және әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деп айыпталып отыр.
Тергеу барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.